Биылдан бастап Қазақстанда аналар мерекесі жаңа датада тойланып жатыр. Ол былтыр шілдеде бекітілген еді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бұған дейін аналар мерекесі мамырдың үшінші жексенбісінде тойланатын.
Биылдан бастап бұл мереке мамыр айының екінші жексенбісінде атап өтіледі. 2024 жылы ол 12 мамырға келіп тұр.
Аналар күні – әлемнің көптеген елдерінде ананы құрметтеу, аналарға сүйіспеншілігі мен қамқорлығы үшін алғыс айту үшін атап өтілетін маңызды мереке.
Бұл мереке мамырдың екінші жексенбісінде АҚШ, Канада, Германия, Италия, Бельгия, Дания, Финляндия, Эстония, Түркия, Жапония, Бразилия және Австралияны қоса алғанда 20-дан астам елде атап өтіледі. Бірқатар басқа елдер бұл мерекені бөлек күндерде атап өтеді.