×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Далаға шықпаңыз: Қарағанды, Балқаш, Теміртау және Атырау тұрғындарына ескерту

12.05.2024, 10:55
Далаға шықпаңыз: Қарағанды, Балқаш, Теміртау және Атырау тұрғындарына ескерту
Әлеуметтік желіден

Cиноптиктер Қазақстанның төрт қаласында ауадағы зиянды қоспалардың көбейетіндігі туралы ескертеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

"Қазгидромет" мамандарының мәліметінше, қолайсыз метеорологиялық жағдайлар Қарағанды, Балқаш, Теміртау және Атырау тұрғындары мен қонақтарын түнгі уақытта күтеді. 

Ластану деңгейінің қалыптасуын анықтайтын маңызды факторлардың бірі-синоптикалық жағдайдың болжамы (жел, жауын-шашын, ылғалдылық, ауа температурасы). 

Яғни, адам ағзасына зиян ластаушы заттар ауаның беткі қабатына жиналып, адамдарға қауіп тудырады.  

Мұндай кезде мына кеңестерге құлақ түрген абзал:

  • ашық ауада, әсіресе автомобиль жолдарының немесе басқа ластану көздерінің жанында болу уақытын қысқартыңыз; 
  • балалар мен жүкті әйелдер ұзақ серуендеуден бас тартқаны жөн; 
  • өкпенің созылмалы ауруларымен, жүрек-қан тамырлары, аллергиялық аурулармен ауыратын адамдар ашық ауада болған кезде өздерімен бірге дәрі-дәрмектерді алып жүруі керек; 
  • ашық ауадағы физикалық белсенділікті шектеңіз. Дене шынықтырумен және спортпен  жабық спорт кешендерінде шұғылданған дұрыс.