×
474.72
515.17
5.58
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
474.72
515.17
5.58

11 адам қаза тапты: Мектеп оқушылары мінген автобус апатқа ұшырады

12.05.2024, 15:40
Әлеуметтік желіден

Қайғылы жағдай Индонезия астанасы Джаркартаға жақын маңда болған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.  

Кем дегенде 11 адам

12 мамырда Индонезияның Батыс Ява провинциясында автобус апатқа ұшырады. Жолаушылар көлігі автомобильмен және  мотоциклмен соқтығысқан.  

Апат салдарынан кем дегенде 11 адам қаза тапқан. Оның басым көпшілігі оқушылар. Және тағы ондаған адам жарақат алған. 

Бітіру кешінен келе жатқан

61 оқушысы мен мұғалімі бар автобус сенбі күні кешке Джакарта астанасы маңындағы Депоктағы орта мектепке бітіру кешінен келе жатқан.  

Жолаушылар көлігінің жүргізушісі тізгінге ие бола алмай жолақты кесіп өтіп, бірнеше автомобильдер мен мотоциклдерге соғылып, содан кейін электр бағанына барып соғылған. 

"Апаттың себептері әлі анықталуда, бірақ алдын ала тергеу бойынша автобустың тежегішінде ақау болған, – деді Батыс Ява полициясының өкілі Жюль Авраам Абаст. 

Тоғыз адам сол жерде қайтыс болды, тағы екеуі кейінірек ауруханада қайтыс болды, оның ішінде мұғалім мен жергілікті автокөлік жүргізушісі бар. Тағы 53 адам жарақат алып ауруханаға жатқызылған, оның ішінде кейбіреулерінің жағдайы ауыр.

Серіктес жаңалықтары