×
479.38
531.63
5.27
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
479.38
531.63
5.27

Астанада тұрғын үй кешенінің қасбеті баланың басына құлады

13.05.2024, 12:14
Фото: видеодан кадр

Астанадағы тұрғын үй кешендерінің бірінде қасбет баланың басына құлап кетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Оқыс оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Кадрлардан есіктен сыртқа шыға бергенде баланың басына үй қасбеті құлағанын көруге болады. Ол дереу ауруханаға жеткізілген. Оның қазіргі жағдайы белгісіз.

Тұрғындар мұндай оқыс жағдай бірінші рет болып тұрмағанын айтады.

«Барлық үйдің қасбетін тексеру керек», «Мұндай «фасадтардың» қажеті не?», «Үйді тұрғызған компания жауап берсін», - деп жазып жатыр олар.

Серіктес жаңалықтары