×
480.55
533.75
5.36
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
480.55
533.75
5.36

«Астанада үйдің шатырында жатқан»: 20 жыл іздеуде жүрген адам Ресейге қайтарылады

13.05.2024, 15:01
Фото: видеодан кадр

Астанада 20 жыл іздеуде жүрген адам ұсталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Polisia.kz сайтының мәліметінше, Алматы аудандық ПБ қызметкерлері көрші мемлекеттің аумағында алаяқтық әрекеттерін жасағаны үшін 20 жылдан астам уақыт мемлекетаралық іздеуде жүрген Ресей Федерациясының 53 жастағы азаматын ұстады.

Күдікті алдымен Қырғызстанға қашып, ол жақтан Астанадағы туыстарына келген. Жедел іздестіру шараларының нәтижесінде ер адам үйдің шатырынан табылды.

Қазіргі уақытта оны Ресейге экстрадициялау мәселесі шешіліп жатыр. 

Серіктес жаңалықтары