×
475.18
510.72
5.47
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
475.18
510.72
5.47

Жоғарғы сот депутат Тұрлыхановтың ұлына шыққан үкімді өзгертті

14.05.2024, 14:43
Коллаж Ulysmedia

Жоғарғы сот Мәжіліс депутаты Дәулет Тұрлыхановтың ұлы, әскери қызметші Нұрасыл Болатқа қатысты қылмыстық іс қарады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Еске сала кетейік, 2023 жылдың 11 ақпанынла әскери қызметкер Нұрасыл Болат Алматыдағы түнгі клубтың жанында ерлі-зайыпты Анна мен Олег Черновтарды ұрып-соққан болатын.

2023 жылдың қазан айында Алматы гарнизонының әскери соты депутаттың ұлына 1 млн 720 мың теңге айыппұл салған. Бұдан басқа, жәбірленушілердің пайдасына 1 млн теңге мөлшерінде моральдық өтемақы және өкілдің қызметтеріне ақы төлеу бойынша 1,6 млн теңге сомасында шығын өндірілді. Зардап шеккен тараптың адвокаттары судьяның шешімімен келіспей, шағым түсірді және оған бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады.

Сотталушы өзі кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкінген. Нұрасыл Болат жазаны өтеуге дайын екенін және істі соттың қарауына қалдыратынын мәлімдеді.

Апелляциялық саты сот үкімін өзгертті, депутаттың ұлынан жәбірленушілердің пайдасына өкілдің қызметтеріне ақы төлеу бойынша 400 мың теңге сомасында шығыстар өндірілді.

Жоғарғы соттың қылмыстық істер жөніндегі сот алқасы Нұрасыл Болатқа екі жыл бас бостандығын шектеу түріндегі жаза тағайындады. Сондай-ақ, моральдық зиянды өтеу сомасы әрқайсысына 1 млн теңгеге дейін ұлғайтылды.

Серіктес жаңалықтары