×
480.55
533.75
5.36
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
480.55
533.75
5.36

Қазақстанда жұмыссыз адамдар саны жүз мыңдап саналады

14.05.2024, 16:19
Фото: ашық дереккөз

2023 жылдың соңында Қазақстанда 452,2 мың жұмыссыз адам анықталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Алматыда жұмыссыздар саны көп

Finprom сайтының жазуынша, бұл – бір жыл бұрынғыдан 1,3%-ға аз.

Ең көп жұмыссыздар саны Алматы қаласы (52,5 мың адам), Түркістан (41,7 мың адам) және Алматы облыстарында (34,8 мың адам) болды. Жұмыссыздар ең аз өңір Ұлытау (4,4 мың адам), Солтүстік Қазақстан (13,8 мың адам) және Абайда (14,8 мың адам) тіркелген.

Жұмыссыздардың басым бөлігі 1 айдан 3 айға дейін жұмыс іздеп жүрген. 113,5 мың адам бір айдан аз, 109,5 мың адам 3 айдан 6 айға дейін, 57,2 мың адам 6 айдан 12 айға дейін, 54,7 мың адам бір жылдан астам жұмыс іздеген. 732 адам кәсіп бастаған.

Өткен жылы жұмыссыз ретінде тіркелген 95,1 мың адам ақыры жұмыс таппай кеткен. Олардың саны биыл 1,6%-ға көп.

94,7 мың жұмыссыз өз еркімен, 88,9 мың адам отбасылық жағдайына байланысты жұмыссыз қалған. 45,6 мың адам үй шаруасында, 43,2 мың адам ұйымның таратылуына және штаттың қысқартылуына байланысты жұмыссыз қалған.

Жоғары білімділер сұранысқа ие болуы мүмкін

Зейнеткерлікке шығуына байланысты 2,6 мың адам жұмыстан шығарылса, бір жыл бұрын 8,4 мың адам зейнет демалысына кеткен. Күндізгі оқу нысаны есебінен 1,2 мың адам жұмыссыз қалды, бұл – 2022 жылмен салыстырғанда 63,5% аз.

Қазақстандағы жұмыссыздық деңгейі – 4,7%. Бір жыл бұрын 4,9% болды.

Қазақстанда жоғары білімді мамандар барынша сұранысқа ие болады деген болжам бар. Жоғары білімі бар азаматтар арасында жұмыссыздық деңгейі – 3,8%, техникалық және кәсіптік білімі барлар – 3,7%, орта кәсіптік-арнайы білімі барлар 5,6%, бастауыш кәсіптік білімі барлар – 6%, жалпы орта білімі барлар – 8,7%, негізгі орта біліммен – 18,8%, бастауыш біліммен – 17,1%.

Серіктес жаңалықтары