Егде жастағы еркек төменгі сыныптың оқушыларының бірін зорламақ болған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бұл жайт туралы Lada.kz жазды.
Оқиға Ақтау қаласында болған №10 мектепте болған. Білім ордасының ауласында демалыс күндері кәмелетке толмаған қыздар ойнап жүрген. Күзетші олардың біреуін ғимараттың ішіне алдап шақырып алған. Содан соң кішкентай қызға қол жүгірте бастаған. Абырой болғанда қыз бала қашып үлгерген.
“Ол сыртқа шықты, онда қыздар жүрді, ол бірдеңе айтқан сияқты, бірдеңе сұрады... Балаларды алдау оңай ғой қазір. Оны мектепке алып барып қабылдау үстелінде кішкентай қызға қол жүгірте бастаған,”- деп оқиғаны баяндайды аудиожазбадағы белгісіз әйел.
Кейін анықталғандай зардап шеккен қыздың анасы полицияға арыз берген.
Мектеп басшылығы бұл фактіні растап, күзетші ұсталғанын хабарлады. Оның әрекеттері бейнебақылау камерасына түсіп қалған.
Аймақтың полиция департаменті күдіктінің ұсталғанын хабарлады.
“Осы факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Тергеу мүддесі үшін өзге ақпарат жария етілмейді,” - деді Ақтау қаласының ПД.
Күдікті тергеу изоляторына қамалған.