Олар мәдени шара кезінде қауіпсіздікті қамтамасыз етуі керек болған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz
21 қызметкер
«Ұраным Манас» мәдени шарасы кезінде 29 баланы қағып кеткен жүк көлігі оқиғасынан кейін 21 қызметкер тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
6 лауазымды тұлғаны жұмысынан шеттету ұсынылды. Тексеріс жүргізген мамандар, ұйымдастырушылар қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге қажетті шарттарды орындамаған деп отыр.
2878 оқушы мен 341 мұғалім қатысқан ауқымды шараның жол қозғалысы қауіпсіздігін тек екі инспектор жүзеге асырған.
Еске салайық
Қырғызстанның Созақ ауданында балмұздақ тиеген шағын жүк көлігі бірнеше баланы қағып кеткен еді.
“Манасты” орындауы керек болған
Полицияның мәліметінше оқушылар республикалық байқау аясында “Манас” эпосын орындап сайысқа түсуі керек болған. Дәл осы кезде HYUNDAI Porter шағын жүк көлігі белгісіз себептермен төменге қарай құлдырап, киіз үйге соғылған.
9 бен 16 жас арасында
Зардап шеккендер 9 бен 16 жас арасындағы жасөспірімдер. Олардың жетеуі аудандық ауруханаға жатқызылған. Үшеуінің жағдайы ауыр. Тағы үш бала Созақ аудандық ауруханасында ем қабылдап жатыр. Сегізі орталық ауруханаға жатқызылған. Олардың жағдайы орташа ауыр деп бағаланып отыр.
Ал 11 балаға апат орнында медициналық көмек көрсетіліп, кейін олар амбулаториялық емге жіберілді.