Шымкентте мешітте төбелес болғанын жазған болатынбыз. Оқиғаның қалай болғанын мешіт имамы айтып берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Оқиғаның мән-жайы
Otyrar.kz жазуынша, бүгінде оқиғаның мән-жайы тексеріліп жатыр.
Өзге өңірден келген 10-15 шақты азаматқа намаз алдында имам бірнеше рет ескерту жасаған. Бізде ҚМДБ бойынша, ішкі тәртіп бойынша бүкіл Қазақстан аумағында Ханафи мәзһабында "әминді" іштен айтылады деп ескертілді және де осы ескертуге құлақ аспастан бірнеше рет намазды бұзуға, имамның жұмысына кедергі жасаған азаматқа шыдай алмаған жамағатымыз оны қатты эмоцияға беріліп, қол жұмсап жіберді, - деді мешіт имамы Берік Шотабеков.
Полиция іс қозғады
Оқиға 12 мамыр күні кешкі 19:00 шамасында болған.
Оқиға қатысушылары полицияға арызданды. Тағайындалған сараптамалардың нәтижесімен процессуалды шешім қабылданады, - деді Шымкент полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Толығырақ
Еске салсақ, Шымкентте мешітте «әмин» деп дауыстап айтқаны үшін төбелес болды.
Имам «намаз үстінде «Әмин» деген сөзді дауыстап айтуға болмайды» деп ескерткен. Алайда бұл ескертуді елемеген бір адам «әмин» деп дауыстап айтқан. Бұған шыдамаған біреу әлгіні бетінен ұрып, шалқасынан түсіреді.
Кейін оқиғаға байланысты ҚМДБ мәлімідеме жасады.
Мешіт ережесін өрескел бұзған
Оқиға 2024 жылдың 12 мамырында кешкі ақшам намазы уақытында Шымкент қаласындағы мешіттердің бірінде болған. Өзге өңірден Шымкент қаласына келген бір топ азамат мешіт имамының ескертуіне қарамастан бірнеше рет жамағат намазын бұзған. Өзге мәзһабта намаз оқыған олар жамағат пен имамның өтінішіне құлақ аспай, мешіт ережесін өрескел бұзған.
Намаз кезінде «әмин» дұғасын қатты дауыспен айтқан жандардың әрекетіне төзбеген мешітке тұрақты келуші бір азамат олардың біріне қол жұмсаған. Нәтижесінде имам жамағат намазын тоқтатуға мәжбүр болған. Оқыс оқиға дер кезінде тоқтатылып, полиция қызметкерлері тиісті жұмыс жүргізуде, – дейді ҚМДБ.