×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Словакия премьер-министрі Фицоға қастандық жасалды: оны атып кетті

15.05.2024, 19:00
Словакия премьер-министрі Фицоға қастандық жасалды: оны атып кетті
Фото: Ашық дереккөзден

Словакия премьер-министрі Роберт Фицоға белгісіз біреу оқ атқан. Фицоны үкіметтің көшпелі отырысынан кейін өлтірмек болған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Журналистердің айтуынша, Словакия министрлер кабинетінің отырысынан кейін премьер-министр көпшілік алдына шыққан кезде оған оқ атылған. Премьер-министрді ауруханаға алып кеткен. Шабуылдаған адам ұсталды.

Куәгерлердің айтуынша, олар кем дегенде үш оқ естіген. Атыстан кейін күзетшілер Фитзоны жерден көтеріп, көлікке салып алып кеткен.

Жоғарыда Роберто Фитцоға шабуыл жасаушының суреті берілген. Ер адам премьер-министрге оқ атқаннан кейін көпшіліктің ішінде жасырынбақ болған.