Оқу-ағарту министрлігі білім ордаларындағы суицид оқиғаларына қатысты, мектептердегі психолог мамандардың тапшылығы жөнінде жауап берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Білім вице-министрі Еділ Оспанның айтуынша, қазіргі уақытта кәмелетке толмағандар арасындағы суицидтің көп бөлігі мектептен тыс жерде болып жатыр.
"Кешенді жоспарға сәйкес, бүгінде денсаулық сақтау министрлігі суицидті ерте анықтау алгоритмін әзірлеуде. Суицидке бейімділікті анықтау үшін кәсіби тәсіл қажет. Білім министрлігі мен денсаулық сақтау министрлігі органдарының бірлескен жұмысын ұйымдастыру керек", - деді ол брифинг барысында.
Шенеунік қазіргі уақытта Қазақстанда 8,5 мың мектеп психологы жұмыс істеп жатқанын айтты. Мұндай мамандардың тапшылығы қанша екенін нақты , бірақ мектеп психологтарының тапшылығын мойындады.
"Бір психологқа 500 оқушы қоса беріледі. Үш мың мектепте бұл норматив сақталған, қалған әкімдіктер осы тәртіпке бейімделуі керек.
Сондай-ақ өңірлерде ата-аналар мен оқушыларды қолдау орталығы ашылуы мүмкін.
“Кеше Білім министрі өңірлерге балалар мен олардың ата — аналары үшін, сондай-ақ педагогтар үшін де психологиялық қолдау орталықтарын ашуды жеделдетуді тапсырды",-деп толықтырды вице-министр.
Еске салайық
Бұған дейін Солтүстік Қазақстан бір үйдің екі бірдей баласы асылып қалғаны белгілі болған еді.
Оқиға Айыртау ауданында болған. 28 сәуір күні 22 жастағы келіншек қораға барып асылып қалған. Мұны көрген оның 17 жастағы інісі орманға кетіп, ол да өзіне қол салған.