×
474.72
515.17
5.58
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
474.72
515.17
5.58

Жазда мектепке барады: Қай өңірдің балалары жазғы демалыс кезінде оқиды?

15.05.2024, 22:00
Әлеуметтік желіден

Бұл туралы Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Наталья Жұмаділдаева айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Жазғы мектепте білім алатын оқушылардың 2,6 мың. Осыншама бала су тасқыны кезінде қашықтан оқыған.  

“Төтенше жағдай жарияланған Ақтөбе облысының 9 мектебіндегі, Атырау облысының 3 мектебіндегі және Солтүстік Қазақстан облысының 5 мектебіндегі оқушылар аралық және қорытынды емтиханнан босатылды. Су тасқыны болған кезде өңірлердегі білім ордалары қашықтан оқыту форматына көшкен болатын. Білім олқылығының орнын толтыру үшін ондағы 622 мектепте «жазғы мектеп» ұйымдастырылады,” - деді Наталья Жұмаділдаева ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында. 

Биыл 9-сыныпты 341 242 оқушы бітіреді. 29 мамыр мен 10 маусым аралығында олар қорытынды аттестаттаудан өтеді. Сондай-ақ 11-сыныпты 186 мыңнан астам түлек бітіреді. 28 мамырдан 11 маусымға дейін қорытынды емтихан тапсырады. 

“Ал техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарын 156 мың студент бітіріп жатыр. Колледж түлектері қорытынды емтиханды 28 маусымға дейін тапсырады. 28 маусым мен 1 шілде аралығында диплом тапсыру рәсімі өтеді», - деді министрдің орынбасары. 

Бұған дейін

Қазақстан мектептерінде оқушыларлың суицидке бейімділігін тексеретінін хабарлаған едік.

Шенеунік қазіргі уақытта Қазақстанда 8,5 мың мектеп психологы жұмыс істеп жатқанын айтты. Мұндай мамандардың тапшылығы қанша екенін нақты , бірақ мектеп психологтарының тапшылығын мойындады. 

 

Серіктес жаңалықтары