×
$
444.4
€
488.97
₽
5.39
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
444.4
€
488.97
₽
5.39

ЖИ дәуіріндегі білім: Шымкентте тоғыз елдің ғалымдары бас қосты

Бүгін, 12:15
ЖИ дәуіріндегі білім: Шымкентте тоғыз елдің ғалымдары бас қосты
фото: қала әкімдігінің баспасөз қызметі

Шымкенте Ж.Тәшенев атындағы университетте  «Болашақ университеті: жасанды интеллект дәуіріндегі көшбасшылық, зерттеулер және білім беру» атты халықаралық форум өтті. Шараға жжоғары оқу орындарының басшылары, ғалымдар, халықаралық білім беру ұйымдарының өкілдері, цифрлық технологиялар саласының мамандары мен кәсіпкерлер қатысты. Олардың қатарында АҚШ, Болгария, Иордания, Ресей, Қырғызстан, Нидерланд, Франция, Португалия және басқа да мемлекеттердің өкілдері бар, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Форумда не талқыланды?

Қатысушылардың географиялық ауқымының кеңдігі жоғары білім беру жүйесінің болашағы жекелеген университеттердің ғана емес, жаһандық дамудың, экономиканың бәсекеге қабілеттілігінің және технологиялық прогрестің маңызды факторы екенін көрсетеді.

Форумның басты тақырыбы – жасанды интеллект қарқынды дамып жатқан кезеңде жоғары білім берудің жаңа моделі, университеттердің ғылыми әлеуетін нығайту және халықаралық ынтымақтастықты кеңейту.

Бүгінде университет дәстүрлі білім берумен ғана шектеле алмайды. Ақпарат баршаға қолжетімді, ал цифрлық көмекшілер бұрын бірнеше сағатты қажет ететін тапсырмаларды санаулы секундта орындай алады. Алайда, ақпараттың қолжетімді болуы оның толыққанды білімге айналғанын білдірмейді. Ең бастысы – деректерді талдау, ақпарат көздерін тексеру, шынайы мәліметті қате ақпараттан ажырату және өз бетінше шешім қабылдай білу. Бұл туралы университет ректоры Жанар Рысбекова атап өтті.

«Бүгін біз жасанды интеллектіні дамытуға қатысты өзекті мәселелерді талқылау үшін халықаралық форум өткізіп жатырмыз. Оның қазіргі әлемдегі халықаралық қатынастарға ықпалы қандай? Ғылым мен білім саласына әсері қалай? Жасанды интеллектінің пайдасымен қатар, белгілі бір қауіп-қатері де бар. Біз осы тәуекелдерді бірлесе талқылап, Еуропа елдерінде, Қазақстанда және өзге мемлекеттерде оларды еңсеру жолдары қалай қарастырылып жатқанын білгіміз келеді. Басты мақсатымыз – осы бағыттағы тәжірибемен бөлісіп, білім алмасу», – деді ректор.

Форум қонақтары алдымен Tashenev University жанындағы жасанды интеллект зертханасын аралап көрді. Онда әзірлемелер, студенттік жобалар мен ғылыми-зерттеу бастамалары таныстырылды. Бұдан кейін қатысушылар Tomorrow School білім беру кеңістігін аралап, заманауи оқыту форматтары мен тәжірибеге бағдарланған білім беру ортасының жұмысымен танысты.

Заманауи университет қандай болуы керек?

Форумның ашылуында Tashenev University басқарма төрағасы, педагогика ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының академигі Оңалбай Аяшев құттықтау сөз сөйледі.

Құрметті қонақтардың қатарында Ө.Жәнібеков атындағы Оңтүстік Қазақстан педагогикалық университетінің басқарма төрағасы – ректоры Қайрат Балабиев, Мичиган мемлекеттік университетінің профессоры Амита Чудгар, Шымкент қаласының кәсіпкерлер палатасының директоры Сәбира Адамбекова және Варна менеджмент университетінің ректоры Красимира Станева болды. Сондай-ақ, Иордания қолданбалы ғылымдар университетінің өкілі Мұхаммад Әл-Наджар форумға арнайы құттықтау жолдады.

«Жасанды интеллект және университеттің жаңа миссиясы» тақырыбындағы алғашқы пленарлық сессияда жасанды интеллектінің білім беру үдерісіне ықпалы, жоғары оқу орындарының цифрлық трансформациясы және мамандар даярлауға қойылатын жаңа талаптар талқыланды. Пікір алмасуға мемлекеттік органдардың, Қазақстан және шетел университеттерінің өкілдері, соның ішінде Шымкент қаласы цифрландыру басқармасының басшысы Мұхит Кемелов пен Назарбаев Университетінің Ақылды жүйелер және жасанды интеллект институтының әкімшілік директоры Ғибрат Құрманов қатысты.

Қатысушылардың пікірінше, заманауи университет ғылымды, технологияны, экономиканы және бизнесті өзара байланыстыратын ортаға айналуы керек. Өнеркәсіп саласына цифрлық құзыреттер, медицинаға заманауи зерттеулер, ал, халықаралық ғылыми жобаларға мәдениетаралық қарым-қатынас пен тілдерді меңгеру қажеттігі атап өтілді.

Сізге қызық болуы мүмкін