×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Шымкентте мектеп директоры 48 млн теңге жымқырды деп айыпталды

16.05.2024, 09:46
Шымкентте мектеп директоры 48 млн теңге жымқырды деп айыпталды
Фото: azh.kz

Шымкентте №44 орта мектеп директоры және оның орынбасары, білім мекемесінің бухгалтері сотталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Не болды

Оларға педагогтердің еңбегіне ақы төлеу қорына бөлінген 48 млн теңге көлеміндегі бюджет қаражатын жымқырды деген айып тағылды.

Үкім Шымкент қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында шығарылды.

Сот үкімі

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің мәліметінше, сот үкімімен белгіленген нормативтен тыс жалақыны заңсыз аударғаны, сондай-ақ «өлі жандарға» жүйелі төлем жасап келгені үшін директор орынбасары мен мектеп бухгалтері 7 және 8 жылға бас бостандығынан айырылған. 

Ал жұмысына салғырт қараған мектеп директорына 6,9 млн теңге айыппұл салынды. 

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Еске салсақ, бұған дейін елордада мектеп есепшілері бюджет қаражатын жымқырғаны үшін сотталғанын жазған болатынбыз.