Сенаторлар Қазақстанда сирек кездесетін металдардың кен орындарын игеру мәселесін көтерді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Сенатор Андрей Лукин өзінің депутаттық сауалында Дүниежүзілік банктің бағалауы бойынша Қазақстанда құны 46 трлн доллардан асатын 5 мыңнан астам зерттелмеген кен орындары барын атап өтеді.
– Қымбат металдардың арасында жасанды түрде өндірілген сирек жер металдары да бар. Олардың саны сонша көп емес, қымбат металдар арасында Осмий-187 кездеседі. Ашық мәліметтерге сүйенсек, Осмий-187 элементінің бір граммы 10 доллардан 200 мың долларға дейін болуы мүмкін. Қазақстан табиғи шикізаттан алынатын Осмий-187 моноизотопының жалғыз өндірушісі әрі иесі. Метал Жезқазған мыс кендерін өңдеу кезінде пайда болатын қалдықтардан алынады, - деді ол.
Қазақстанның метал дайындаушылар қауымдастығының мәліметі бойынша, елде сирек кездесетін металдарды, әсіресе ШҚО-дағы Қара-Аяқ және Монша секілді 12 жаңа учаскені зерделеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
– Бүгінгі таңда әлемде сирек кездесетін металдардың бірі – литий. Бұл пайдалы қазбалар алты кен орнында Юбилейное, Верхне-Баймурзинское, Бакенное, Ахметкино, Медведка, Ахмировскоеда бар, – деді сенатор.
Лукиннің айтуынша, Қазақстанда сирек кездесетін металдарды өндіруге деген қызығушылықтың артуы байқалса да, сала бірқатар проблемаларға тап болып отыр.
– Олардың бірі – экологиялық таза және үнемді болу үшін өндіріс және қайта өңдеу технологияларын жетілдіру қажеттілігі. Сондай-ақ, кен орындарын игеру үшін инвестициялар тарту және технологиялар трансфері проблема, - деп есептейді ол.
Депутат жер қойнауын геологиялық зерттеуге лицензия беру процесін жеңілдетуді, сондай-ақ кейбір сирек және сирек жер металдарының баланстық қорларына қолжетімділікті ашуды ұсынды. Ол көптеген кен орындары КСРО-дан бері құпия жатқанын айтады.