×
480.55
533.75
5.36
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
480.55
533.75
5.36

Сақ болыңыз: Алматыны су басуы мүмкін

16.05.2024, 20:25
Әлеуметтік желіден

Бұл туралы Алматының Төтенше жағдайлар департаменті ескертті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz 

"Кагзгидромет" болжамына сәйкес 16-18 мамыр қалаға іргелес таулы аудандарда қатты жауын-шашын жаууы мүмкін. Сондықтан өзендердегі су деңгейінің көтеріледі деп болжанып отыр. Егер қауіпті межеден асып кеткен жағдайда су арнасынан асып, төгілуі мүмкін. 

Құтқарушылар тұрғындарға жақын маңдағы арықтар мен каналдарды қоқыстан тазарту қажеттігін еске салды. 

Болжамға сәйкес, 16 мамырда кешке, сондай-ақ 17 мамырда түнде Алматыда қатты жаңбыр, күндіз найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі . Солтүстік-батыстан соққан желдің екпіні секундына 17-22 метрге жетуі мүмкін. 

Қазақстандағы су тасқыны

Еске сала кетейік, биыл бірнеше өңірді су тасып, ондаған ауданда төтенше жағдай жарияланды. Су тасқыны ең үлкен қауіп туғызып отырған өңірлер қатарында Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстары бар. Ресейдің Ор қаласында дамбының жарылуы қосымша қиындық туғызған. Құлсары қаласында ең күрделі жағдай тіркеліп, адам шығыны тіркелді.

Премьер-министр, штаб жетекшісі осы ретте Олжас Бектенов жауаптыларға бірқатар тапсырма берген.

Ulysmedia.kz редакциясының бас редакторы су тасыған Құлсарыға барып, арнайы репортаж түсірген болатын.

Серіктес жаңалықтары