×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

«Ақшамды қайтармады» : Атыраулық кәсіпкер Қайрат Нұртасты сотқа берді

16.05.2024, 21:55
«Ақшамды қайтармады» : Атыраулық кәсіпкер Қайрат Нұртасты сотқа берді
Әлеуметтік желіден

Атырау қаласындағы мейрамхана иесі белгілі әнші Қайрат Нұртасты сотқа берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы AtyrauPress басылымы жазды.

Істі Алматы облысының соты онлайн-режимде қарады.

Әнші жаңа жылдық корпоратив кешінде өнер көрсетуі тиіс болған. Алайда, ұйымдастырушылар әншінің шамамен 5 млн теңге болатын шығыынын жаба алмайтындықтан, концертті өткізбейтін болып шешім қабылдап, бұл жөнінде оны  42 күн бұрын ескерткен.

Жәбірленушінің айтуынша, ол әншінің анасы Гүлзира Айдарбековамен ауызша келіскен. Ал 1000 доллар көлеміндегі аванс сомасын Алматыда әншінің өкілдеріне берген.

«Концерттің өтпейтінін айтқанымда менеджер ақшаның қайтарылмайтынын маған өте дөрекі түрде жеткізді. Кейін аудиожазбаларын өшіріп тастады. Мен әртісті сотқа бердім. Бірінші отырыста жеңіліп қалдық, бірақ мен тағы да шағымдандым. Себебі, ақшамды қайтарғым келеді»,- дейді кәсіпкер Ольга Хван.

Сот жәбірленушінің талабын қанағаттандырмады.

Енді ол Жоғары сотта алты ай ішінде сот шешіміне шағымдана алады.