Маңғыстау облысының әкімі лауазымына Нұрдәулет Қилыбай тағайындалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Нұрдәулет Қилыбай 1978 жылы 10 сәуірде Маңғышлақ облысы Бейнеу кентінде туған. Ұлты қазақ.
Ол Алматы теміржол көлігінің инженерлері институтын (1999) «Теміржол көлігі бойынша тасымалды үйымдастыру инженері» мамандығы бойынша, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия улттық университетін (2003) «Қаржы және қаржылық құқық» мамандығы бойынша бітірген. Қазақ және орыс тілін біледі.
«Нұр Отан» ХДП мүшесі (2009 жылдан) болған. 1999 жылдан «Қазақстан темір жолы» ¥К» АҚ Атырау тасымалдау бөлімшесі стансасында кезекші, 2000 жылдан - «Астана» стансасының кірме жолдар бойынша жүктерді қабылдаушы-тапсырушысы, аға қабылдаушытапсырушысы, 2002 жылдан магистраль желісі дирекциясының техникалық басқару технологиялық үдерістері қауіпсіздігі белімінің бас маманы, бастығы қызметін атқарған.
2005 жылдан - ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Көлік және жол қатынастары комитетінің Экономика жене тарифтік ясат басқармасы талдау және бюджеттік болжау бөлім бастығы, басқарма бастығы, терағасының орынбасары, ал 2009 жылдан «Вокзал Сервис» АҚ президенті, «Қазақі;іпн темір жолы» ¥К» АҚ басқарушы директоры, 2010 жылдың қарашасынан ҚР Көлік және коммуни кация министрлігі Көлікжәне жол қатынастары комитоііыи төрағасы қызметін атқарған.
2011-2012 жылдар аралығында «ҚТЖ» ҰК» АҚ президентінің кеңесшісі, кейін осы акционерлік қоғамның Маңғыстау жолдары бөлімшесі филиалының директоры болды.
2012-2013 жылдары Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникациялар министрлігі Көлік және қатынас жолдары комитетінің төрағасы қызметінде болды.
2013-2017 жылдары «ҚТЖ» ҰК» АҚ аппарат басшысы - атқарушы директоры, «ҚТЖ» ҰК» АҚ атқарушы директоры - «Жолаушылар тасымалдау» АҚ президенті, «Теміржолсу» АҚ Бас директоры - Басқарма төрағасы қызметін атқарды.
2018-2020 жылдары – Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары.
2020 жылдың маусым айынан бастап Ақтау қаласының әкімі лауазымында болды.
2022 жылдың қазан айынан Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары қызметін атқарды. Ал былтыр «Өзенмұнайгаз» компаниясының бас директоры болып тағайындалды.