×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Сирияға қоныс аудармақ болған: Астанада терроризммен айналысқан 8 адам сотталды

17.05.2024, 18:01
Сирияға қоныс аудармақ болған: Астанада терроризммен айналысқан 8 адам сотталды
Фото: ашық дереккөз

Астананың 8 тұрғыны террористікпен айналысқаны үшін сотталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Сот үкімі

Олар сот үкімімен 7 жылдан 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылды.

Астана қалалық прокуратурасы баспасөз қызметі террористік топтың қатысушылары Сирия аумағына қоныс аударуды және Қазақстанда басқарудың теократиялық жүйесін орнату қажеттілігін талқылағанын, топ жетекшісі Сириядағы соғыс қимылдарын жүргізетін террористік ұйымды қаржыландыруды ұйымдастырғанын мәлімдеді.

Радикалдардан сақтануға шақырды

Мемлекеттік айыптаушы сотталушылардың кінәсін дәлелдеген.

Астана қаласының прокуратурасы исламдағы радикалды идеяларды насихаттайтын интернет-сайттар мен орындарға барудан сақтануға шақырады, – делінген хабарламада.