×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Бір аптада пияздың құны 9 пайызға өскен

17.05.2024, 23:05
Бір аптада пияздың құны 9 пайызға өскен
Әлеуметтік желіден

Бұл туралы Ұлттық статистика бюросы жазды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Күнделікті тұрмысқа қажет басқа өнімдерден картоп 4,4%, сәбіз 1,8% қымбаттады.

Қырыққабат, бірінші санаттағы жұмыртқа, қарақұмық, керісінше, тиісінше 3,6, 2,9 және 1% – ға арзандады. 

Бір килограмм макарон орташа есеппен 321 теңге, картоп 155 теңге, құмшекер 419 теңге тұрады. 

Бұған дейін

Сәуір айында елде жылдық инфляция баяулап, 8,7%-ды құрады (наурызда – 9,1%), деп хабарлаған едік. 

Ұлттық банктің мәлімдеуінше, тек бір өңірде өзгеріссіз қалды. 

15 өңірде жылдық инфляция бәсеңдеді. 4 облыста қарқын алып, 1 өңірде өзгеріссіз қалды. Жылдық инфляцияның ең жоғарғы мәні Қарағанды мен Маңғыстау облыстарында тіркелді, - делінген хабарламада.

Сәуірде азық-түлік тауарлары бағасының өсу қарқыны ж/ж 6,3%-ға дейін баяулады (наурызда – 6,9%). Осы топқа жататын тауарлардың бағасы Ұлытау облысында (9,9%) барынша тез, ал Ақтөбе облысында (4,4%) мейілінше баяу өсті.

Азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасының өсу қарқыны ж/ж 7,6%-ға дейін бәсеңдеді (наурызда – 8,2%). Ең жоғарғы мән Маңғыстау облысында (13,5%), ең төменгі мән Алматы облысында (5,2%) тіркелді.

Сәуірде ақылы көрсетілетін қызмет бағасы ж/ж 13,5%-ға дейін жеделдеді (наурызда – 13,2%). Сонымен қатар Ақтөбе облысында (17,5%) баға жалпы республикалық деңгейден біршама жоғары, Ұлытау облысында (8,3%) айтарлықтай төмен өсті.

Сәуірде ел бойынша айлық инфляция 0,6%-ға өсті. Бұл тарихи орташа мәнге сәйкес келеді (2017-2021 жылдардағы сәуірде – 0,6%).