Украина дрондарының шабуылдары Ресейдің мұнай өңдеу қуаттылығының шамамен 14%-ын істен шығарған, деп жазады Ulysmedia.kz порталы Bloomberg басылымына сілтеме жасап.
Украина дрондарының шабуылдары Ресейдің мұнай өңдеу қуаттылығының шамамен 14%-ын істен шығарған, деп жазады Bloomberg
Басылым Ресей мұнай өңдеу қуаттылығының бір бөлігін жоғалтуына байланысты наурыз айының ортасына қарай ішкі бағалар 20-30% өскенін жазады. Ал Ресей Федерациясының ішкі нарығының қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін экспортты тоқтатуға тура келген.
– Бұл соққылардың салдарын жеңілдету үшін Ресей бензин экспортына 6 айға тыйым салды, наурыз айынан бастап Беларусьтен мұнай өнімдерін импорттай бастады. Қазақстаннан импорттауды жоспарлады әрі басқа көлік түрлеріне емес, теміржол арқылы мұнай өнімдерін жөнелтуге басымдық берді, - делінген материалда.
Украина жыл басынан бері Ресейдің бірнеше облысындағы мұнай өңдеу зауыттарына дронмен шабуыл жасаған.