Бұл туралы әлеуметтік желіге журналист Гүлмира Әбіқай жазды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
– Асылым. Үш күн іздеген үш жасар періштенің денесі табылды. Қарама-қарсы көрші үйдің әжетханасына түсіп кетіпті. Бүкіл ел уайымдап, дін-аман табылуына тілекші болып ек…әттең ғажайып болмады. Қайғы жұтқан Асылымның ата-анасына, туыстарына, барша қазақ еліне көңіл айтамын. Жатқан жерің пейіш болсын, періште. Аяғы шыққан, бірақ ес білмейтін балаларыңызды көзден таса қалдырмаңызшы, Халайық!!! – деп жазады ол.
Еске сала кетейік, үш жасар Асылым Түркістан облысының Сарыағашқа жақын Сіргелі ауылында жоғалған еді. Шағын ауыл оны іздеп өре түрегелді. Жақын маңда шағын канал болған, тұрғындар соның суын тоқтатып, 24 шақырым бойымен іздеу жұмыстары жүргізген.