×
488.93
532.4
5.04
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
488.93
532.4
5.04

«Әке, естисің бе, біз жеңдік»: Украин боксшысы аса ауыр салмақта ХХІ ғасырдың алғашқы абсолютті чемпионы атанды

19.05.2024, 09:44
«Әке, естисің бе, біз жеңдік»: Украин боксшысы аса ауыр салмақта ХХІ ғасырдың алғашқы абсолютті чемпионы атанды
championat.com

Британ боксшысы Тайсон Фьюри Сауд Арабияда өткен титулдық жекпе-жекте украиналық Александр Усиктен жеңіліп қалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Жекпе-жек 12 раундқа созылып, төрешілердің басым дауысымен Усик жеңді. Тоғызыншы раундта Усик Фьюриді нокдаунға жіберді, бірақ британ боксшысы соңына дейін шыдас берді.

Фьюри бұған дейін мансабында 35 жекпе-жек өткізіп, 34 рет жеңіске жетті (24 нокаут). Бір рет қарсыласымен тең түсті. Усик, өз кезегінде, осы жекпе-жекке дейін мансабында 21 жекпе-жек өткізіп, бәрінде жеңімпаз атанды.

«Әке, естисің бе, біз жеңдік», – деді Усик жеңісінен кейін.

Александр Усиктің әкесі 2012 жылы ұлы Лондондағы Жазғы Олимпиада ойындарында чемпион болғаннан кейін бірнеше аптадан соң қайтыс болған.

Алдыңғы жекпе-жекте Усик 2023 жылдың тамызында тағы бір британдық боксшысы Даниэль Дюбуаны жеңді. Фьюри өзінің алдыңғы жекпе-жегінде 2023 жылдың қазан айында Фрэнсис Нгануды нокаутқа түсірді.

Зеленскийдің құттықтауы

Боксшыны Украина президенті Владимир Зеленский құттықтады.

– Украиналықтар қатты ұрады! Александр Усик-әлемнің абсолютті чемпионы! Бұл айқас Украинаның төзімділігі мен күш-қуаты Украинаны жеңіске жетелейтінін дәлелдейді. Құттықтаймыз, чемпион! Құттықтаймыз, халқым! Украина жасай берсін!- деп жазды ол.

Осылайша, Усик ХХІ ғасырда ауыр салмақтағы алғашқы абсолютті әлем чемпионы атанды.