Сьерра-Леонеде жанармай таситын көлік жарылысынан кейін 90-нан астам адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ria.ru-дың мәліметінше, бұған дейін елдің астанасы Фритаунның мэрі Ивонна Аки-Савиер жарылыс жанармай таситын автоцистерна мен жүк көлігінің соқтығысуы нәтижесінде орын алғанын, 100-ден астам адам қаза болған болуы мүмкін екенін мәлімдеген.
«Сенбі күні таңертең Сьерра-Леоненің астанасы Фритаундағы мемлекеттік орталық мәйітханаға жанармай таситын автоцистернаның жарылуы салдарынан 91 мәйіт жеткізілді», - деп хабарлады Рейтер агенттігі мәйітхана басшысы Синнеха Камараға сілтеме жасап.