×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Зейнетақы мөлшерін анықтау мен төлеудің жаңа ережесі әзірленді

20.05.2024, 19:03
Зейнетақы мөлшерін анықтау мен төлеудің жаңа ережесі әзірленді
Коллаж: Ulysmedia.kz

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақы төлемдерінің мөлшерін айқындау және төлеу ережесін әзірледі, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Биылдан бастап жұмыс берушілер өз қаражаты есебінен жұмысшылар үшін қосымша міндетті зейнетақы жарналарын аударады. Бас кезінде жарнаның көлемі жалақының 1,5 пайызды құраса, 2028 жылға дейін кезең-кезеңімен 5%-ға дейін көтеріледі. Барлық ақша бөлек есепшотта жиналады.

Ал министрліктің жаңа қуалысына сәйкес, осы жарналардың есебінен берілетін зейнетақының мөлшері мен оны тағайындау тәртібі бекітіледі.

Жаңа ережеге сай, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары кем дегенде 60 ай аударылуы шарт. Оны мына адамдар ала алады:

зейнеткерлік жасқа жеткен (63/61 жас);

мүгедіктігі мерзімсіз белгіленген жағдайда I және II топ мүгедектігі бар адамдар;

Осы зейнетақы төлемдері де өмір бойы беріледі және адам қайтыс болған немесе Қазақстаннан тыс жерлерге тұрақты тұруға кеткен жағдайда тоқтатылады.