×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Шымкенттік шенеуніктер сапасыз жол үшін айыппұл арқалады

20.05.2024, 23:50
Шымкенттік шенеуніктер сапасыз жол үшін айыппұл арқалады
otyrar.kz

Мониторинг кезінде бұзушылықтарды Қаратау ауданының прокурорлары анықтады. Ведомствоның мәліметінше жолдар мен көшелерді тазалау, сондай-ақ шұңқырларды жөндеу жұмыстары жүргізілмеген, деп хабарлайды Ulysmedia.kzOtyrar.kz ақпараттық порталына сілтеме жасап.   

Тексеріс нәтижесінде ең көп шағым Теленшин көшесіне түскен. Оның ұзындығы үш шақырымнан асады. Жабынның бір бөлігі ғана тегіс. Ал Сайрам тұрғын алабының тұрғындары үшін бұл қала орталығына апаратын негізгі жол. Шұрық-тесік жол жүргізушілердің әбден мазасын қашырған.  

Қаратау ауданының прокурорлары апатты жағдайда тұрған  жолдар әлі де кепілдік мерзімінде екенін анықтаған. Тек оларды қалпына келтіруге ешкім асықпапты. Нәтижесінде жазаны осыған жауапты шенеуніктер айыппұл арқалады. Алайда айыппұлдың нақты соммасы белгісіз. 

"Мердігерлер кепілдік мерзімі негізінде жолдардың сапасын қамтамасыз етуі тиіс, алайда мұндай жұмыстар жүргізілмеген. Жолда шұңқырлар көп. Бұл өз кезегінде төтенше жағдайларға әкеліп соғады. Осының кесірінен күніне 10-15 жол-көлік оқиғасы болады",-дейді Шымкент қаласы Қаратау ауданының аға прокуроры Тимур Әжіхан. 

20 мердігерге әкімдік қателіктерін түзеу үшін хабарлама жіберген. Әйтпесе, компаниялар "қара" тізімге еніп және олар мемлекеттік сатып алуға қатыса алмайды. Бірақ тек сот шешімімен. 

Сөйте тұра мегаполистегі жол шаруашылығына жыл сайын орасан зор қаражат бөлінеді. Өткен жылы 40 миллиард теңге игерілген. Биыл 20 миллиард қаражат бөлініп, тағы 18 миллиард ірі жобалар үшін сұралған. Бірақ әзірге өтінім мақұлданбапты.