Немолчи.kz қорының мәліметінше мұндай жағдай бір емес бірнеше өңірде болған. Және әлі де жалғасып келеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
“Бір жылдан бері қызды аңдып жүр”
Алматы облысы, Жетіген аудандық полициясының инспекторы 1,5 жылдан бері қызға жазуын тоқтатпаған. Ең алғаш жазып бастағанда қыз небәрі 16 жаста болған. Ал полиция қызметкерінің жасы қырыққа таяп қалған. Қазір бойжеткен университетте оқиды. Ол көмек сұрап қорға жүгінген. “Өтінемін, жауап берші”, “пысық қыз не істеп жатыр”, “менің тек сенімен араласқым келеді, басқа ештеңе сұрамаймын” деп жазған полиция қызметкері.
Алматыға дейін іздеп барған
“Алматы облысының полициясы біз сізден жағдайды ерекше назар бақылауға алуыңызды сұраймыз. Сіздің қызметкеріңіз Алатау қаласынан Алматыға университетке келіп, осы қызды іздеді, сыныптастары оны жасырып, аялдамаға дейін шығарып салды. Бұл өте қауіпті оғаш мінез. Бұл ересек адамға жас қыздан не қажет? Тергеу жүргізіңіз, оның телефонын алыңыз, ол оның алғашқы қудалау құрбаны болмауы мүмкін,” - деп жазды қоғамдық қор.
"Жаным, сен ұйықтап жатырсың ба?"
Ал Ақтөбе облысындағы полиция қызметкерлері 22 жастағы қыздан алаяқтық фактісі бойынша арыз алып, оны қабылдағысы келмеген. Сонымен қатар, олар әр түрлі нөмірлерден "Жаным, сен ұйықтап жатырсың ба?" деп жазып, кездесуге шақырған.
Қор басшылығы полициядан аталған жағдайлар бойынша тиісті шаралар қабылдап, әрекет етуді сұрады.