×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Қылмысты жасырмақ болған: Павлодарда тергеуші мен жедел уәкіл сотталды

21.05.2024, 20:00
Қылмысты жасырмақ болған: Павлодарда тергеуші мен жедел уәкіл сотталды
Ашық дереккөзден

Павлодарда тергеуші мен қаланың солтүстік полиция бөлімінің жедел уәкіліне қатысты сот аяқталды. Сот полицейлердің дәлелдемелерді бұрмалау арқылы қылмыстық істі бұзуға тырысқанын анықтады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы Павлодар қаласының № 2 сотының баспасөз қызметі мәлімдеді.  

Тергеуші не істеген?

Тергеуші И.кәмелетке толмаған жәбірленуші мен оның заңды өкілінің айғақтарын хаттамаларда бұрмалаған. Сонымен қатар, ол қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты қылмыстық істі кейіннен заңсыз тоқтату мақсатында олардан жауап алған кұндерді де өзгертіп қойған.  

Және жауап алу хаттамасындағы адвокат пен мұғалімнің қолдарын өзі қойғаны анықталған. 

Жедел уәкіл не істеген?

Жедел уәкіл С.өз кезегінде осы қылмысты жасау үшін барлық қажетті жағдайларды жасады, атап айтқанда кәмелетке толмаған жәбірленушінің заңды өкілін бұрмаланған айғақтармен қосымша жауап алу хаттамасына қол қоюға, сондай-ақ басқа кәмелетке толмағандардан жауап алудан бас тарту туралы өтініш жазуға көндірген. Нәтижесінде тергеуші қылмыстық құқық бұзушылық құрамының болмауына байланысты сотқа дейінгі тергеуді заңсыз тоқтатпақ болған. 

Үкім

Сотта куәгерлердің айғақтарымен, құжаттық және заттай дәлелдемелермен, сарапшылардың қорытындыларымен олардың кінәсі дәлелденді. 

Жеңілдететін мән-жайларды ескере отырып, әрбір сотталушыға шартты түрде 5 жыл бас бостандығынан айыру тағайындалды. Осы кезеңде оларға қатысты міндеттерді жүктей отырып, пробациялық бақылау белгіленді.

Екеуі де арнайы офицерлік шендерден айырылған.

Сонымен қатар, екеуі де құқық қорғау органдарында 5 жыл қызмет атқару құқығынан айырылды.