×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

18 жастағы министр: Қадыровтың ұлы жаңа қызметке тағайындалды

22.05.2024, 00:10
18 жастағы министр: Қадыровтың ұлы жаңа қызметке тағайындалды
Фото: RKadyrov_95 телеграмм арнасынан

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровтың ұлы жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды  Ulysmedia.kz

Бұл туралы Шешенстан басшысы өзінің телеграмм арнасында жазды.  

"Дене шынықтыру және спорт министрі қызметіне Ахмат Қадыров тағайындалды. Бұрын осы лауазымды атқарған Иса Ибрагимов  үкімет әкімшілігі басшысының орынбасары лауазымына ауысты",-деп жазды Рамзан Қадыров.  

18 жастағы Ахмад Қадыров бұған дейін 2022 жылдан бастап Шешенстан басшысының кеңесшісі, Ресей балалар мен жастар қозғалысының аймақтық төрағасы қызметтерін атқарды. 

2023 жылдың қарашасында ол Шешенстанның дене шынықтыру Министрінің орынбасары, ал ақпан айында Жастар министрі болып тағайындалды. Ол "Отан намысы" Республикасы Парламентінің жоғары орденімен және Қадыров орденімен марапатталған.

Бұған дейін 

Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровтың екінші ұлы, 16 жастағы Адамның жаңа лауазымға ие болғанын жазған едік.

Қадыров өзінің жеке Telegram-арнасында ұлының Владимир Путин атындағы Ресей арнайы күштерінің (РУС) кураторы болып тағайындалғанын сүйіншіледі. Ол ұлының өз міндеттерін өте жақсы орындайтынына сенімді.