×
$
448.44
514.81
5.33
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
448.44
514.81
5.33

Екібастұз ГРЭС-1 экс-директоры энергетика вице-министрі болып тағайындалды

Бүгін, 16:46
Екібастұз ГРЭС-1 экс-директоры энергетика вице-министрі болып тағайындалды
Үкіметтің баспасөз қызметі

Қазақстан үкіметі Ержан Ертаевты энергетика вице-министрі қызметіне тағайындады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұған дейін 41 жастағы Ертаев Энергетика министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитетін басқарған. Бұл қызметке ол 2024 жылғы шілдеде тағайындалған.

Ертаев туралы не белгілі

Ержан Ертаев 1985 жылы Павлодар облысы Май ауданында дүниеге келген. Павлодардағы Инновациялық Еуразия университетін «Өнеркәсіптік жылу энергетикасы» мамандығы бойынша тәмамдаған. Кейін осы оқу орнында заңгерлік білім алған. Сондай-ақ Германиядағы Анхальт қолданбалы ғылымдар университетінде білім алған.

Еңбек жолын 2009 жылы «Павлодар лифт» ЖШС-да электромеханик болып бастаған. Кейін Павлодар облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына ауысып, онда төрт жыл жұмыс істеген.

2013 жылдан бастап Ертаев орталық мемлекеттік органдарда қызмет атқарды. Ол Энергетикалық қадағалау комитетінің бас сарапшысы қызметінен бастап, Ақмола және Қарағанды облыстары бойынша аумақтық департаменттерді басқаруға дейін өсті. Кейін комитет төрағасының орынбасары болды.

2020-2021 жылдары Павлодар облысына қайта оралып, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасын басқарды. Одан кейін «Самұрық-Энерго» компаниясында жұмыс істеп, Екібастұз ГРЭС-1 станциясының директоры болды.

Контекст

Бұған дейін энергетика министрі Ерлан Ақкенженов жаңа Үкімет жасақталғаннан кейін өз қызметінде қалғаны белгілі болған. Президент тиісті жарлыққа қыркүйек айының басында қол қойған.

Ақкенженов министрлікті 2025 жылғы наурыздан бері басқарып келеді.