ІІМ мәліметінше, қазіргі таңда митингте болған Құлсары тұрғындары әкімдік алдындағы аумақты босатқан, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
ІІМ басшысының бірінші орынбасары Марат Қожаевтан журналистер Мәжіліс кулуарында Құлсарыдағы наразылық акциялары барысында қанша адам ұсталғанын сұрады.
Жауап
– Құлсарыда бүгнінгі таңда алаңнан адамдар кетіп қалды. Білуімше, конструктивті мәлімелеге қол жеткізілген. Құлсарыда қандай да ұстау жайттары болған жоқ. Орал қаласында да. Өтемақы туралы талап қойған адамдар бойынша ешқандай қамауға алынбады, - деп сендірді министрдің орынбасары.
Құлсарыдағы наразылық
Су тасқынынан қатты зардап шеккен өңірлердің бірі Құлсары халқы бірнеше күн бұрын наразылыққа шыққан. Ондағы халық әлі тараған жоқ.
“Біз сауатсыз емеспіз. Қанағат қылып 400 мыңнан есептеп отырмыз. Соның ісіне сарайы да, қорасы да кіреді,” - деп өз талаптарын жеткізді.
Осы сөздерден азаматтардың әкімдік тарапынан берілетін өтемақыға көңілі толмайтынын аңғаруға болады. Ол өздерінің орта есебімен кететін шығынды 400 мыңға бағалап отыр.