«Қазгидромет» РМК синоптиктернің болжауынша, 23-25 мамыр аралығында Қазақстанның басым бөлігінде жаңбыр, бұршақ жауып, жел күшейеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
23-25 мамыр аралығында Қазақстанның басым бөлігінде қолайсыз ауа райы сақталады. Республиканың барлық дерлік өңірінде найзағай ойнап, бұршақ жауып, екпінді жел соғады деп болжанды.
24-25 мамырда солтүстік-батыста, солтүстікте, 25 мамырда – Қазақстанның орталығында жауын-шашын күтіледі, жаңбыр соңы қарға айналып, кей уақытта қатты жауын-шашын түседі деп болжанып отыр.
Тек кей күндері батыс және оңтүстік облыстарда жауын-шашын тоқтайды.
Батыс, солтүстік және солтүстік-батыс облыстарда түнде және таңертең 3 градусқа дейін үсік күтіледі, күндіз солтүстік және солтүстік-батыс облыстарда ауа температурасы 5-13 градус жылыға дейін төмендейді.
Ал Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында ауа температурасы 20-30 градусқа дейін көтеріледі деп болжанды.