Мәжіліс депутат Данабек Исабеков ауыл балаларының орыс тілді болып бара жатырғанын айтып, дабыл қақты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
“Бүгінде, қазақы ауылда туып, танымы қалыптасып келе жатқан жасөспірімдердің тілі орыс немесе ағылшын тілінде шығуда” деп есептейді депутат Данабек Исабеков. Бұған әсер ететін фактордың бірі әрі негізгісі ретінде YouTube пен TikTok әлеуметтік желілерін атайды. Бұл ретте АҚШ, Германия, Франция, Англия, Жапония және Қытай сынды алпауыт мемлекеттердің анимация саласына стратегиялық маңыз беріп, миллиондап, тіпті миллиардтап қаржы құятынын тілге тиек етеді.
“2020 жылы Мәскеу билігі мультимедиа саласын субсидиялауға 300 миллион рубль бөліп, анимациясының саны мен сапасын арттыруға мән берді. Соның әсерінен болар, Ресей 2010 жылы 25 мың минутқа жететін мультфильм шығарса, 2020 жылы 55 мың минуттан асырды. Ресей жылына 200 сағат анимациялық өнім ұсынса, Қытай 3 мың сағат эфир дайындайды. Ресми Пекин анимация саласына ерекше екпін беріп, өздері өндірген анимациясының уақытын 300 мың минутқа жеткізіп, әлемде бірінші орынға шықты,”- дейді депутат Исабеков.
Ал Қазақстан балалары жат ел идеологиясының құрбанына айналып, өзінің ұлттық болмысына жат, санасына сай келмейтін өнімдерді тұтынып жатырғанын айтып дабыл қақты ол. Өйткені біздің ел анимация саласында мақтана алмайды.
“Қазір жасөспірімдер шетел анимациясын өзінің төл туындысындай тұтынып, қалың қазақ отырған ауылдағы бесік балаларының тілі не орыс, не ағылшын тілінде шығуда. Өйткені отандық анимацияда тың ой, жаңашыл жаңалық жеткізуі жағы кемшін.Бұрынғы сүрлеумен жүріп, күрделі, философиялы туындылар ұсынады. Балалар мұндай туындыны қабылдай алмайды әрі қызықпайды,”- деп сынады Исабеков.
Сол үшін мәжіліс депутат елдегі анимация саласына серпін беру керегін айтып, мынадай тәсілдерін ұсынды:
Сөз соңында депутат Мәдениет және спорт министрлігі мен Оқу-ағарту министрлігі бірігіп, отандық анимацияны дамытуда концепция дайындауы маңызды екенін атап өтті.