×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Ұлттық Банк микроқаржы ұйымдарының қаржылық көрсеткіштерін жариялай бастады

16.09.2021, 09:15
Ұлттық Банк микроқаржы ұйымдарының қаржылық көрсеткіштерін жариялай бастады
фото: ашық дереккөзден

Қазақстан Ұлттық Банкі кредиттік серіктестіктер мен ломбардтар бойынша қаржылық көрсеткіштерді жариялай бастады, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

 

Қазақстан Ұлттық Банкі (бұдан әрі – ҚҰБ) кредиттік серіктестіктер мен ломбардтар бойынша қаржы секторының көрсеткіштерін жариялай бастағанын мәлімдейді. Ақпарат ҚҰБ сайтында тоқсан сайын жарияланады.

Жаңа бөлім жиынтық бухгалтерлік баланс және пайда мен зиян туралы жиынтық есеп, негізгі қаржы көрсеткіштері туралы мәліметтер (активтер, міндеттемелер, капитал) және берілген микрокредиттер құрылымын қамтиды.

Бұл мәліметтер барлық микроқаржылық қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың (микроқаржы ұйымдары, кредиттік серіктестіктер, ломбардтар) жариялаған статистикасының толық қамтылуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Қаржылық көрсеткіштер туралы ақпарат ҚҰБ сайтындағы «Статистика» бөлімінің «Қаржы секторының көрсеткіштері / Микроқаржылық қызмет» топтамасында орналасқан.