Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Қизатов елімізде микроқаржылық ұйымдардың несие үстемеақысы төмендейтінін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Ол мұндай жаңашылдық жаңа заңда көрсетілгенін атап өтті. Сондай-ақ заңдағы басты өзгерістердің бірі микроқаржылық ұйымдардың несие пайызына қатысты екенін айтты.
Заң жобасындағы басты өзгерістердің бірі - Қазақстан территориясында берілетін несиелер оны банк, микроқаржылық ұйым немесе онлайн несиелеудің қайсысы берсе де, жылдық пайыздық мөлшерлемемен есептелетін болады. Бұған онлайн несие беретін ұйымдардың ерекше статусы болған еді. 50 АЕК-ге дейін қарыз беретін онлайн несие ұйымдары номиналды пайыздық мөлшерлеме қоюына болатын еді. Номиналды мөлшерлеме жылдық пайыздық мөлшерлемемен есептегеннен қарағанда жоғары процент қосылатын еді. Енді біз онлайн несиелендіруден осы статусын жойдық, - деді ол.
Еске салсақ, бұған дейін 1,5 млн қазақстандықтың несиесін 90 күннен бері төлей алмай жүргені белгілі болған еді.
2024 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша тұтынушылық қарыздардың жалпы сомасы 14,2 трлн теңгені құрайды. Оның ішінде 90 күннен кешіктірілген несиелердің саны 1,6 трлн теңге, бұл 12 пайыз. Тұтынушылық несие алған қарыз алушылардың саны 8,4 млн адам. 1,5 млн адам несие төлемін 90 күннен кешіктірген, - деді Қизатов.