×
480.55
533.75
5.36
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
480.55
533.75
5.36

Вьетнам Qazaq Air-ды жекешелендірді: Тоқаев мұны құптайтынын айтты

23.05.2024, 16:28
Фото: ашық дереккөз

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан-Сингапур бизнес форумында бұл – Қазақстан мен АСЕАН елдері арасындағы әуе қатынастарын жандандыруға мүмкіндік беретінін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Форум кезінде президент Қазақстан Сингапур стиліндегі экономикалық реформалар жүргізетін, мол мүмкіндіктер ұсынатын және экономикасы қарқынды дамып келе жатқан ел екенін алға тартты.

Президенттің айтуынша, Қазақстанның стратегиялық мақсаты – 2029 жылға қарай шетелден 150 миллиард доллар тікелей инвестиция тарту.

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан мен Сингапур географиялық жағынан алшақ орналасқанына қарамастан, саяси және экономикалық тұрғыда сенімді серіктес елдер екеніне әрі солай болып қала беретініне назар аударды. Тоқаевтың айтуынша, былтыр екіжақты сауда көлемі 1,8 миллиард долларды құрады. Сингапурдың Қазақстанға құйған инвестициясы 1,7 миллиард доллардан асқан.

Сонымен қатар Қасым-Жомарт Тоқаев отандық «Қазақстан темір жолы» компаниясы мен сингапурлық PSA International компаниясы арасындағы Транскаспий халықаралық көлік бағытының немесе «Орта дәліздің» әлеуетін пайдалануға бағытталған синергиялық серіктестік туралы айтты. Және отандық Qazaq Air компаниясын Вьетнамдағы компанияның бірі жекешелендіріп алуы мүмкін екенін меңзеді.

Вьетнамдық SOVICO Group компаниясының Qazaq Air авиакомпаниясын жекешелендіруін құптаймын. Бұл Қазақстан мен АСЕАН елдері арасындағы әуе қатынастарын жандандыруға мүмкіндік береді, – деді Қазақстан Президенті.

Еске салсақ, наурыз айының басында QAZAQ AIR әуекомпаниясының басшысы қызметінен кеткен болатын. Сондай-ақ Qazaq Air әуе компаниясы жекешелендіруге шығарылғаны белгілі болған еді. 

Серіктес жаңалықтары