×
444.14
477.05
4.85
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.14
477.05
4.85

QAZAQ AIR әуекомпаниясының басшысы қызметінен кетті

01.03.2024, 18:29
Фото: QAZAQ AIR баспасөз қызметі

Еркін Наурызбаев QAZAQ AIR АҚ басқарма төрағасы қызметінен кетті, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Әуе кемесінің командирі және нұсқаушысы Еркін Наурызбаев QAZAQ AIR әуекомпаниясын 2022 жылдың 9 қыркүйегінен бастап басқарды. Ол отандық әуекомпанияның тізгінін үстаған алғашқы қазақстандық авиация маманы. Оның авиациядағы тәжірибесі – 19 жыл.

Басқарма төрағасы болып жұмыс істеген уақытында әуекомпания Skytrax беделді халықаралық авиациялық рейтингінің нәтижелері бойынша екі рет Орталық Азия мен ТМД-ның үздік өңірлік әуекомпанияларының үштігіне кірді. 2023 жылы әуекомпания de-Havilland Dash 8-Q400 бес әуе кемесінде 588 мыңнан астам жолаушыны тасымалдады. Бұл – әуекомпания тарихындағы рекордтық көрсеткіш Сондай-ақ оның басқару кезеңінде халықаралық және тұрақты әуе маршруттарының саны артты, жаңа әлеуметтік маңызы бар өңірлік рейстер ашылды, сондай-ақ 2024 жылдың басынан бастап әуе билеттерін тарату желісі кеңейтілді", - делінген хабарламада.

Басқарма төрағасының міндеттерін уақытша атқару Нұрлан Жақыповқа жүктелді. 

 

Серіктес жаңалықтары