×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Астанада жеке сот орындаушы борышкердің алиментін өз баласына аударып отырған

23.05.2024, 17:47
Астанада жеке сот орындаушы борышкердің алиментін өз баласына аударып отырған
Фото: ашық дереккөз

Астана қаласында жеке сот орындаушы азаматтың баласына жіберген алиментін өз баласының шотына аударып отырған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Не үшін

Астана қаласы прокуратурасының мәліметінше, оқиға Нұра ауданында болған. Онда жеке сот орындаушы борышкердің ақшасын баланың анасының есепшотына емес, өз ұлының шотына аударғаны анықталды.

Іс сотқа жолданды

Жеке сот орындаушысының алимент төлеуге арналған 1 млн теңгеден астам ақшаны жымқыру фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді. Анықталғандай, жеке сот орындаушы бір жыл бойы борышкердің ақшасын жас баланың анасының орнына өз ұлының шотына аударғаны анықталды, - деп хабарлайды  Астана қаласының прокуратурасы

Қазір жеке сот орындаушысына қатысты «қызметтік өкілеттігін асыра пайдаланғаны» үшін қозғалған қылмыстық іс сотқа жолданды.