×
459.75
494.14
5.54
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
459.75
494.14
5.54

Алматыда ер адам спа-салонда жұмыс істейтін қызға шабуыл жасады

24.05.2024, 12:20
Фото: видеодан скрин

Алматыда спа-салонда жұмыс істейтін қызға белгісіз ер адам шабуыл жасаған. Ол салонға кіріп, сыра сатуын сұраған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қызметкер алкогольдік «ішімдіктерді сатпаймыз» деп жауап береді.

Ашуланған ер адам қызға алдындағы заттарды лақтырып, жанына барып шашынан ұстап, қол көтере бастаған. Ер адамның Ресей азаматы екені айтылады. 

Алматы қалалық Полиция департаменті күдіктінің ұсталғанын хабарлады.

Ұрып-соғу фактісі бойынша әкімшілік іс қозғалды. Құқық бұзушы қамауға алынды. Іс бойынша сот-медициналық сараптама тағайындалды, – делінген хабарламада. 

Серіктес жаңалықтары