×
474.72
515.17
5.58
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
474.72
515.17
5.58

БҰҰ Израильді Рафақтағы атысты тоқтатуға міндеттеді

24.05.2024, 22:05
Фото: dw.com

БҰҰ Халықаралық соты Израильге Рафақ қаласындағы әскери шабуылды дереу тоқтатып, тергеушілердің Газа секторына кіруін қамтамасыз етуді бұйырды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz DW басылымына сілтеме жасап. 

Үкім 24 мамырда Израильді геноцидке айыптаған Оңтүстік Африка Республикасының үндеуін қарау нәтижесінде шығарылды. Оған 15 судьяның 13-і дауыс берді, қарсы болғандар саны екеу. Бірі Уганда және Израильдің өзі.  

Сот төрағасы Наваф Салам оқыған шешімде Израиль Рафақтағы "өзінің әскери шабуылын және кез келген басқа әрекетін дереу тоқтатуы"керек делінген. Бұл әрекет Газа секторындағы Палестина халқы үшін оның "толық немесе ішінара физикалық жойылуына" әкелуі мүмкін.  

Сонымен қатар, сот шешіміне сәйкес, Израиль халыққа гуманитарлық көмек жеткізу үшін Газа-Египет шекарасында "Рафах" бақылау бекетін ашып, палестиналық геноцид туралы есептерді тергеу үшін халықаралық инспекторларға рұқсат беруі керек. Бір ай ішінде Израиль билігі бұйрықтың орындалуы туралы есеп беруге міндетті. 

Израиль Премьер-министрі Беньямин Нетаньяху жұма күні сот үкіміне байланысты үкіметтің жоғары лауазымды министрлерімен кеңесетінін айтты. 

Бұған дейін

Палестинаның 800 азаматы Рафақтан қашуға мәжбүр болғанын хабарлаған едік. 

Бұл туралы БҰҰ палестиналық босқындар агенттігінің (UNRWA) басшысы Филип Лаззарино хабарлады. Ол сенбідегі мәлімдемесінде палестиналықтардың бірнеше рет қоныс аударуға мәжбүр еткендерді айыптады.

– Газа соғысы басталғаннан бері палестиналықтар қауіпсіздігі үшін қайта-қайта көшуге мәжбүр, соның ішінде БҰҰ-ның панасын іздеуде, - деді ол.

Филип Лаззарино Палестина анклавының тұрғындары жаңа панасынан қайтадан кетуге мәжбүр болған сайын қауіппен қайтадан бетпе-бет келетінін айтады.

Ал, Джо Байден Газа секторындағы атысты тоқтатудың амалын айтқан еді.

Газа секторындағы атыс тоқтауы үшін  Хамас террористік ұйымы кепілге алған израилдік босқындарды босатуы керек. Байден бұл туралы Вашингтон штатындағы сайлау науқаны барысында мәлімдеді. 

Газа секторына Израильдің 7 қазанда басталған шабуылдарынан  кем дегенде 34 735 адам қаза тауып, 78 108 адам жараланған. Хамас шабуылдарынан Израильде қаза тапқандар саны 7 қазанда 1139-ға жетті, ондаған адам әлі де тұтқында. 

 

Серіктес жаңалықтары