×
474.72
515.17
5.58
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
474.72
515.17
5.58

Джо Байден Газа секторындағы атыс тоқтауы мүмкін екендігін айтты

12.05.2024, 15:05
Фото: dw.com

Америка Құрама Штаттарының президенті Джо Байден Газа секторындағы атыс ертең тоқтауы мүмкін екендігін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы DW басылымы жазды. 

Газа секторындағы атыс тоқтауы үшін  Хамас террористік ұйымы кепілге алған израилдік босқындарды босатуы керек. Байден бұл туралы Вашингтон штатындағы сайлау науқаны барысында мәлімдеді. 

Газа секторына Израильдің 7 қазанда басталған шабуылдарынан  кем дегенде 34 735 адам қаза тауып, 78 108 адам жараланған. Хамас шабуылдарынан Израильде қаза тапқандар саны 7 қазанда 1139-ға жетті, ондаған адам әлі де тұтқында. 

Бұған дейін Израиль мен ХАМАС арасындағы келіссөздердің нәтиже бермегенін жазған едік. 

Палестиналық ХАМАС қозғалысы  атысты тоқтату туралы ұсынысқа келісетіндігін мәлімдеді деп хабарлады Al Jazeera. 

6 мамырда түстен кейін Израильдің Қорғаныс министрі Йоав Галлант тұтқындардың отбасыларына ХАМАС барлық ұсыныстардан бас тартқанын ескерткен. Олардың арасында тұтқындарды Палестинаға қайтару туралы ұсыныс та болған.   

Рафах операциясы

Сондықтан Израиль әскерилері Рафахта операцияны бастағанын хабарлады. Және Рафахтағы адамдарды эвакуациялау қажет екенін ескертті. Себебі осында миллионға жуық азамат тұрақтаған. 

Осыдан кейін ХАМАС көшбасшысы атысты тоқтатуға келісетіндігін мәлімдеді.  

Үш кезеңнен тұрады

Басылымның дереккөздеріне сәйкес, ХАМАС келіскен Египет-Катар ұсынысы үш кезеңнен тұрады, олардың әрқайсысы 42 күнге созылады.

  • Бітімгершілік Израиль әскери күштерінің Газа секторының солтүстік және оңтүстік бөлігін бөлу үшін пайдаланатын Нетарим дәлізінен кетуінен басталуы керек.
  • Екінші кезең әскери операциялардың түпкілікті тоқтатылуын мақұлдауды, сондай-ақ Израиль әскерлерінің Газа секторынан толық шығарылуын қамтиды.
  • Үшінші кезең-газа блокадасын тоқтату. 

Бұл ұсыныс емес

Өз кезегінде Израиль шенеуніктері бұл 10 күн бұрын мысырлық делдалдармен келіскен ұсыныс емес екендігін айтқан деп хабарлайды The Times of Israel. 

Сондықтан Израиль қазіргі уақытта ХАМАС ұсынысын мұқият бағалап, өз жауабын дайындап жатқандығы айтылған. 

Ұлттық қауіпсіздік министрі Итамар Бен-Гвир Хамастың ұсынысы қулық деп санайды. 

Серіктес жаңалықтары