×
476.27
515.47
5.41
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
476.27
515.47
5.41

Байден бейбітшілік саммитіне қатыспауы мүмкін

25.05.2024, 00:30
Ашық дереккөзден

АҚШ президенті Джо Байден келесі айда Швейцариядағы Украина бойынша жаһандық бейбітшілік саммитіне қатыспауы мүмкін, деп хабарлайды Ulysmedia.kz  Bloomberg агенттігіне сілтеме жасап.  

Бұған себеп Калифорнияда осы уақытта өтетін қаражат жинау шарасы.   

Америка көшбасшысы G7 елдері басшыларының кездесуіне қатысу үшін Италияға ұшады, бірақ 15 маусымда Лос-Анджелеске өзінің сайлау науқанына қаражат жинау шарасына барады. Байденмен бірге іс-шараға Голливуд актерлері Джордж Клуни мен Джулия Робертс, сондай-ақ АҚШ-тың бұрынғы президенті Барак Обама және тележүргізуші Джимми Киммел қатысады деп күтілуде. 

Бұл шешім бәсекелесі Дональд Трамптың танымалдығы аясында Байден үшін сайлау науқанының басымдығын көрсетеді. Өткен айда Трамп Байденді алғаш рет фандрайзингте басып озып, 51 миллионға қарсы 76 миллион доллар жинады. 

Агенттік сұхбаттасушыларының айтуынша, бейбітшілік саммитінде АҚШ вице-президенті Камала Харрис те болмайды. 

Украина бойынша жаһандық бейбітшілік саммиті 15-16 маусымда Швейцариядағы Бюргенсток курортында өтеді. Конференцияға әлемнің 100-ге жуық елі қатысады деп күтілуде. Бұндай басқосу 2023 жылы Данияда, Сауд Арабиясында және Мальтада, ал 2024 жылдың 14 қаңтарында Давоста өткен. Жиынның мақсаты Украинадағы соғысты бейбіт жолмен. 

Бұған дейін

Украина президенті журналистердің сұрақтарына жауап беріп, Орталық Азия елдері (Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан) президенттерінің саясатына өз бағасын бергенін хабарлаған едік. 

Зеленский Орта Азия басшылары Ресей Федерациясынан қорқып, "Кремльге сүйенеді" деп мәлімдеді. Сонымен бірге Украина президенті "ешкімді сөкпейтінін" жеткізді. 

 

Серіктес жаңалықтары