×
479.38
531.63
5.27
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
479.38
531.63
5.27

Қазақстандық ауыр атлет 12 жылдан соң Лондон олимпиадасының қола жүлдесін иеленді

Фото: ҰОК

Қазақстандық ауыр атлет Анна Нұрмұхамбетова 2012 жылғы Олимпиада ойындарында күміс медаль алды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ҰОК не дейді

Ұлттық олимпиада комитеті 2012 жылғы Олимпиада ойындарының нәтижесі өзгергенін мәлімдеді.

Орындар қайта бөлініп, Анна Нұрмұхамбетова 2012 жылғы күміс жүлдегер атанды. Қола медальді колумбиялық Убальдина Валлес алды. Марапаттау Перудің Лимасында өткен жеңіл атлетикадан жастар арасындағы әлем чемпионатында өтті, – делінген хабарламада.

Заңсыз препараттар қолданған

Лондондағы олимпиадада қазақстандық спортшы 69 келі салмақ дәрежесінде бесінші орыннан көрінген еді. Алайда 2 спортшы титулдарынан айырылған соң, орындар қайтадан үлестірілді. Марина Шкерманкова мен Дина Сазановецтің заңсыз препараттар қолданғаны анықталды. Кейін олардың нәтижелері жойылып, Нұрмұхамбетоваға қола жүлде бұйырды.

2020 жылы Лондонда екінші орын алған румыниялық Роксана Кокоштан да допинг іздері табылды. Оның күміс жүлдесі алынып тасталды, ал Лондонда көрсетілген нәтиже жойылды, – делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары