Әлеуметтік желілерде жүргізуші куәлігінсіз көлік жүргізіп келе жатқан кәмелетке толмаған баланың видеосы тарап жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Әлеуметтік желіде жарияланған бейнежазбада жасөспірім әпкесінің көлігіне отырып, қаланы шарлаған. Кейін ол өзін ұстаған сақшыларға көлік айдауға Алматы қалалық Полиция департаменті бастығының орынбасары Ержан Ұзабаев рұқсат бергенін айтқан.
Қалалық Полиция департаменті бұл факті бойынша қызметтік тексеріс жүргізіліп жатқанын мәлімдеді.
Жүргізуші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Көлік мамандандырылған айыптұрағына қойылды, — деп түсіндірді Алматы қалалық Жол полициясы басқармасының баспасөз қызметі.