×
488.93
532.4
5.04
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
488.93
532.4
5.04

Алматы облысындағы тас жолда туристері бар автобус аударылып қалды

27.05.2024, 13:20
Алматы облысындағы тас жолда туристері бар автобус аударылып қалды
Алматы облысының әкімдігі

Алматы облысы әкімдігінің мәліметінше, зардап шеккендер түрлі дене жарақатымен ауруханаға жатқызылған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Алматы облысы Кеген ауданында тас жолының тік бұрылысында туристерге толы автобус аударылып қалды.

Толығырақ

Оқиға орнына екі медициналық бригада жеткен. Автобуста барлығы 37 адам болды, деп нақтылады Алматы облысының әкімдігі.

Жағдайы

Апат салдарынан әртүрлі дене жарақаты бар 25 адам ауруханаға жатқызылған.

Төрт адамның жағдайы орташа ауыр деп ретінде бағаланады. Қалған адамдардың жағдайы тұрақты.

Жол-көлік оқиғасының себептерін құқық қорғау органдарының қызметкерлері анықтап жатыр. Полиция тергеуді бастады.