Қазақстандықтарға лицензияланған немесе тіркелген компаниялардың жария тізімін тексеріп алу ескертілді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Не болды
Астана халықаралық қаржы орталығының қаржы қызметтерін реттеу комитеті жалған лицензиясы бар криптовалюта айырбастау фактілері тіркелгенін ескертті.
Толығырақ
Бұл тұрғыда криптовалюта айырбастау қызметтерін ұсынатын Astana Exchange компаниясы туралы айтылып отыр. Олардың алаяқ екені ескертіледі. Қазақстандықтарды лицензияланған немесе тіркелген компаниялардың жария тізілімін тексеруге шақырады.
"Astana Exchange қаржылық қызмет көрсету үшін жалған лицензияны пайдаланады. Жүргізілген талдау нәтижесінде AFSA ұйымның АХҚО-да тіркелмегенін және қаржылық қызметтер көрсетуге қолданыстағы лицензиясы жоқ екенін анықтады", - делінген хабарламада.