×
524.58
551.91
4.93
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
524.58
551.91
4.93

"Болашақтағы" дау: Ұлыбританияға көшкен студент Қазақстанға экстрадицияланады

27.05.2024, 18:32
"Болашақтағы" дау: Ұлыбританияға көшкен студент Қазақстанға экстрадицияланады
Коллаж Ulysmedia

Халықаралық бағдарламалар орталығының басқарма төрағасы Әлия Оспанова Ulysmedia.kz порталына тиісті хаттар ІІМ мен СІМ-ге жолданып, Ұлыбританияның тиісті органдарымен жұмыс жүргізіліп жатқанын хабарлады. Ережеге сәйкес, студент Валерия Гавриленко Отанына қайтарылады.

Дау неден басталды

Наталья Воробьева мен Мақпал Дәрібаева "Болашақ" бағдарламасының бұрынғы қатысушысы Валерия Гавриленкоға кезінде гарант болған. Олардың айтуынша, оқуды бітіргеннен кейін Валерия 2017 жылы орталық қызметкерлерімен сөз байласып, екі пәтерін орталықтың кепілінен заңсыз шығарып, Ұлыбританияға кетіп қалған. Енді қазін “Болашақ” өз құжатын заңсыз деп танып, Гавриленконы стипендиядан айырып, оқу ақысын өтеуді талап етеді.

"Бірақ Гавриленко елде ұзақ уақыт болмағандықтан одан орталық қарызды өндіре алмады. Ал 2024 жылы үш жылдан кейін оның 30 миллион теңгеге жуық қарызын бізге төлеткелі отыр, - дейді Наталья Воробьева.

Оның үстіне, ол бес жыл ішінде кінәлілер анықталмай, қылмыстық іс қозғалмады деп мәлімдейді.

"Экстрадициялау механизмі пысықталып жатыр” 

Халықаралық бағдарламалар орталығының басшысы Әлия Оспанова 13 мың табысты түлектердің шамамен 1% оқуын аяқтамаған немесе еңбек міндеттемелерін орындамаған түлектер екенін атап өтеді.

"Бұл жағдайда бағдарлама стипендиаты саналы түрде заңсыз әрекет жасады және Ұлыбританияға көшу құралы ретінде мемлекеттік стипендияны пайдаланды. Орталық мемлекет алдындағы міндеттемелерін орындамайтын стипендиаттарды экстрадициялау тетігін пысықтап жатыр. ІІМ, СІМ, құқық қорғау органдарына хаттар жолдады, сол елдегі тиісті органдармен жұмыс жүргізіп жатыр, – деді ол.

Орталық қызметкерлері жауапсыз қала ма

Алаяқтыққа қатысы бар қызметкерлерге қатысты қызметтік тергеу жүргізілген.

"Құқық бұзушылық анықталып, істі қозғау үшін прокуратураға жіберілді", – деп толықтырды Әлия Оспанова.

Студент туралы не белгілі

Валерия Гавриленко 24.kz арнасында жаңалықтар жүргізушісі болып жұмыс істеген. Дау басталғаннан кейін әйел өзінің Instagram парақшасын жауып тастаған. Дегенмен, біз оның профилін осы уақытқа дейін көре алдық. Ол фотосуреттерді көптен бері жарияламаған. Бірақ ол Chanel бренді сияқты өте қымбат сөмкелерді жақсы көретінін атап өткен жөн. 

Инстаатауының жанындағы бетте – Real estate, ал орналасқан жері Лондон деп жазылған. Ол қазір жылжымайтын мүлік саласында жұмыс істейтін болса керек.

Халықаралық бағдарламалар орталығы

Айта кетейік, орталыққа 2023 жылдың қараша айында жаңа басшы келді. Ол лауазымға Әлия Оспанова тағайындалды.

"Bolashaq бағдарламасының және мемлекеттің білім және ғылым саласындағы негізгі халықаралық бастамаларының әкімшісі.