×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Қазақстан мен Түрікменстан: Екі ел арасындағы сауда көлемі 4 есе ұлғайған

27.05.2024, 21:20
Қазақстан мен Түрікменстан: Екі ел арасындағы сауда көлемі 4 есе ұлғайған
Ашық дереккөзден

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Астанаға ресми сапармен келген Түрікменстан Министрлер Кабинеті Төрағасының орынбасары, Сыртқы істер министрі Рашид Мередовпен келіссөздер өткізді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Келіссөздер барысында сыртқы саяси ведомстволардың басшылары қазақ-түрікмен ынтымақтастығының кең ауқымды мәселелерін, оның ішінде саяси, сауда-экономикалық, транзиттік-көліктік, энергетикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара іс-қимылдың жай-күйі мен перспективаларын талқылады. 

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2021 жылғы қазандағы Ашхабадқа және Түрікменстан Президенті Сердар Бердімұхамедовтың 2022 жылғы қазандағы Астанаға мемлекеттік сапарларының, сондай-ақ ҚР СІМ басшысының өткен жылғы қазандағы Ашхабадқа ресми сапарының қорытындылары бойынша қол жеткізілген уағдаластықтарды іс жүзінде іске асыруға басты назар аударылды. 

Соңғы бес жылда Қазақстан мен Түрікменстан арасындағы өзара сауда көлемі 4 есеге өскен. 2023 жылы бұл көрсеткіш 28%-ға өсіп, 563 млн АҚШ долларына жетті. 

«Ағымдағы жылдың бірінші тоқсанында екі ел арасындағы сауда көлемі 100 млн доллардан асты. Орын алып жатқан позитивті үрдістер өзара саудамызды 1 млрд долларға дейін жеткізу жөніндегі мемлекет басшыларының тапсырмасын жақын болашақта орындауға үлкен сенім ұялатады», – деп мәлімдеді М.Нұртлеу. 

Тараптар өңірлік ынтымақтастықты тереңдетудің маңыздылығын, атап айтқанда ХХІ ғасырда Орталық Азияны дамытуды көздейтін достық, тату көршілік және ынтымақтастық туралы бесжақты шартқа қол қою рәсімін аяқтау қажеттігін мәлімдеді.