×
474.72
515.17
5.58
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
474.72
515.17
5.58

Жезқазғанда 5 жасар бала бір топ тұрғынды қағып кетті (ВИДЕО)

27.05.2024, 22:40
Видеодан скриншот

Ол көліктегі қол тежегішті ағытып, темір тұлпарды жүргізіп жіберген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Оқиға Ұлытау облысының орталығы Жезқазған қаласында болған.  

Мейрамхананың жанында тұрақта тұрған көлікті оның ішіндегі бес жасар бала жүргізіп жіберген. Себебі қол тежегішін алып тастаған.   

"Полиция жол-көлік оқиғасын тіркеді. Әр түрлі дене жарақаттарын алған төрт жаяу жүргінші ауруханаға жатқызылды. Тиісті сараптамалар тағайындалды",-деп хабарлады Ұлытау облыстық ПД баспасөз қызметі. 

Алайда, денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша, зардап шеккендердің саны бесеу болып шықты. Үш әйел ішкі ағзалары көгеріп, амбулаториялық емдеуге жүгінген. Бір ер адамның төрт қабырғасы сынып, ішкі ағзасына зақым келген. Зардап шеккендердің арасында бас жарақатын алған бала да бар.

Бұған дейін

Алматыда жүк көлігі аялдамаға соғып, екі адам қайтыс болған еді.

12 мамырға қараған түні Байсерке кентінде ЗИЛ-131 автокөлігі тәртіп сақшыларының күдігін туғызған. Жүргізуші тоқтау туралы нұсқауды елемей қаша жөнелген.  

"Жүк көлігін басқарған 49 жастағы ер адам Алматы-Жетіген автожолының 32 шақырымында автобус аялдамасына жылдамдықпен кірді.Жол апаты салдарынан екі адам қайтыс болды, үшеуі түрлі жарақаттармен аудандық ауруханаға жатқызылды", — деді Алматы облысы ПД бастығы Бауыржан Аленов. 

Медициналық тексерістен кейін рульдегі ер азаматтың орташа дәрежелі мас күйінде болғаны анықталды.

Серіктес жаңалықтары